Стандарт жобаларын халықпен жалпылай талқылау

«Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданыныңда әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар аудандық мәслихатының 2017 жылғы 03 сәуірдегі №13-3 шешіміне өзгеріс енгізу туралы» Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар аудандық мәслихаты шешімінің жобасына салыстырмалы кесте (ZIP 13 Kb)

Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданының маслихатының 2022 жылғы 06 мамырдағы №19-1 «Ақжар ауданында мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу тәртібін және мөлшерін айқындау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Ақжар аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

  1. Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданының маслихатының «Ақжар ауданында мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу тәртібін және мөлшерін айқындау туралы» 2022 жылғы 06 мамырдағы №19-1, (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №28061 болып тіркелген) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген шешімнің тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:

«Ақжар ауданында мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу тәртібі мен мөлшерін айқындау туралы»;

көрсетілген шешімнің 1-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:

«1. Ақжар ауданында мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу тәртібі мен мөлшері осы шешімнің қосымшасына сәйкес айқындалсын.»;

көрсетілген шешімнің қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. 

Қосымша (DOCX 13 Kb)

Ақжар аудандық мәслихат хатшысы А. Хоршат 

Жоба

АҚЖАР АУДАНЫ ӘКІМДІГІНІҢ ҚАУЛЫСЫ

2022 жылға арналған
пробация қызметінің есебінде тұрған
адамдарды жұмысқа орналастыру үшін
жұмыс орындарына квота белгілеу туралы

Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 9-бабы 7) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 26 мамырдағы № 412 «Ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды, пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларын бекіту туралы» бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №13898 болып тіркелген) бекітілген, пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданының әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. 2022 жылға арналған пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота осы қаулының қосымшасына сәйкес белгіленсін.
  2. Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданы әкімдігінің «2021 жылға арналған пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы» 2020 жылғы 30 желтоқсандағы №274 қаулысының күші жойылды деп танылсын.
  3. «Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі аудан әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
  4. Осы қаулының орындалуын бақылау Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
  5. Осы қаулы қол қойылған күннен қолданысқа енгізіледі.

Ақжар ауданының әкімі Қ. Қалиев

 

Жоба

АҚЖАР АУДАНЫ ӘКІМДІГІНІҢ ҚАУЛЫСЫ

2022 жылға мүгедектерге арналған жұмыс
орындарына квота белгілеу туралы

«Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасы 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 9-бабы 6) тармақшасына, «Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» Қазақстан Республикасы 2005 жылғы 13 сәуірдегі Заңының 31-бабы 1) тармақшасына, «Мүгедектер үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 13 маусымдағы №498 бұйрығымен бекітілген Мүгедектер үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларына сәйкес (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №14010 болып тіркелген), Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Ауыр жұмыстарды, еңбек жағдайлары зиянды, қауіпті жұмыс орындарын есептемегенде, жұмыс орындары санынан мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота осы қаулының қосымшасына сәйкес белгіленсін.
  2. Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданы әкімдігінің «2021 жылға мүгедектерге арналған жұмыс орындарына квота белгілеу туралы» 2020 жылғы 30 желтоқсандағы №275, 2021 жылғы 12 шілдедегі №143 қаулылардың күші жойылды деп танылсын.
  3. «Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі аудан әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
  4. Осы қаулының орындалуын бақылау Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
  5. Осы қаулы қол қойылған күннен қолданысқа енгізіледі.

Ақжар ауданының әкімі Қ. Қалиев

 

Жоба

АҚЖАР АУДАНЫ ӘКІМДІГІНІҢ ҚАУЛЫСЫ

2022 жылға арналған бас бостандығынан
айыру орындарынан босатылған адамдарды
жұмысқа орналастыру үшін
жұмыс орындарына квота белгілеу туралы

Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 9-бабы 8) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 26 мамырдағы № 412 «Ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды, пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларын бекіту туралы» бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №13898 болып тіркелген) бекітілген, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданының әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін 2022 жылға арналған жұмыс орындарына квота осы қаулының қосымшасына сәйкес белгіленсін.
  2. Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданы әкімдігінің «2021 жылға арналған бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы» 30 желтоқсандағы №276 қаулысының күші жойылсын деп танылсын.
  3. «Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі аудан әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
  4. Осы қаулының орындалуын бақылау Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
  5. Осы қаулы қол қойылған күннен қолданысқа енгізіледі.

Ақжар ауданының әкімі Қ. Қалиев

 

Ақжар ауданында мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу мөлшерін және тәртібін айқындау туралы

ШЕШТІ:

1. Ақжар ауданында мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алудың тәртібі мен мөлшері, осы шешімнің қосымшасына сәйкес айқындалсын.

2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 Мәслихаттың шешіміне қосымша (ZIP 17 Kb)

 

Солтүстiк Қазақстан облысы Ақжар ауданы әкiмдiгiнiң «Үйде тәрбиеленетiн және оқитын мүгедек балалары бар отбасыларға әлеуметтiк көмек көрсету Ережесiн бекiту туралы» 2006 жылғы 22 ақпандағы № 51 қаулысының күшi жойылды деп тану туралы

ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

1. «Үйде тәбриеленетiн және оқытылатын мүгедек балалардың отбасыларына әлеуметтiк көмек көрсету Ережесiн бекiту туралы» Солтүстiк Қазақстан облысы Ақжар ауданы әкiмдiгiнiң 2006 жылғы 22 ақпандағы № 51 қаулысы (нормативтiк құқықтық актiлердi  мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 13-4-26 болып тiркелген) күшi жойылды деп тану танылсын.

2. Осы қаулының орындалуын бақылау Солтүстiк Қазақстан облысы Ақжар ауданы әкiмiнiң жетекшiлiк ететiн орынбасарына жүктелсiн.

3.  Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

Солтүстiк Қазақстан облысы Ақжар аудандық мәслихатының
2017 жылғы 3 сәуiрдегi № 13-3 «Солтүстiк Қазақстан облысының
Ақжар ауданында әлеуметтiк көмек көрсетудiң, оның мөлшерлерiн
белгiлеудiң және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының
тiзбесiн айқындаудың қағидаларын бекiту туралы»
шешiмiне өзгерiс енгiзу туралы

ШЕШТI:

1. Солтүстiк Қазақстан облысы Ақжар аудандық мәслихатының 2017 жылғы 3 сәуiрдегi № 13-3 «Солтүстiк Қазақстан облысының Ақжар ауданында әлеуметтiк көмек көрсетудiң, оның мөлшерлерiн белгiлеудiң және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тiзбесiн айқындаудың қағидаларын бекiту туралы» шешiмiне (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 4170 болып тiркелдi) келесi өзгерiс енгiзiлсiн:

көрсетiлген шешiмнiң қосымшасы осы шешiмнiң қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

осы Қағидаларға 1,2 қосымшалар жойылсын.

2. Осы шешiм оның алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

Солтүстiк Қазақстан облысы
Ақжар аудандық
мәслихатының
сессия хатшысы
__________А.Хоршат

«КЕЛIСIЛДI»
Солтүстiк Қазақстан облысының әкiмi
____________________ Қ.Ақсақалов
«___»____________2021 жыл

Қосымша (DOCX 35 Kb)

«Солтүстiк Қазақстан облысы Ақжар ауданыныңда әлеуметтiк көмек көрсетудiң, оның мөлшерлерiн белгiлеудiң және мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарының тiзбесiн айқындаудың қағидаларын бекiту туралы» Солтүстiк Қазақстан облысы Ақжар аудандық мәслихатының 2017 жылғы 03 сәуiрдегi №13-3 шешiмiне өзгерiс енгiзу туралы» Солтүстiк Қазақстан облысы Ақжар аудандық мәслихаты шешiмiнiң жобасына салыстырмалы кесте (DOCX 37 Kb)

Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар аудандық мәслихатының 2017 жылғы 3 сәуірдегі № 13-3 «Солтүстік Қазақстан облысының Ақжар ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы (ZIP 88 Kb)

Проект

Солтүстік Қазақстан облысы
Ақжар ауданы әкімдігінің
кейбір қаулыларының
күші жойылды деп тану туралы

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31-бабы 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Құқықтық актілер туралы» Заңының 27-бабына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Қосымшаға сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп танылсын.
  2. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қосымша (ZIP 15 Kb)

Ақжар ауданының әкімі Қ. Қалиев

Ақжар ауданы әкімдігінің
қаулысы

Пробация қызметінің есебінде тұрған
адамдарды жұмысқа орналастыру үшін
жұмыс орындарына квота белгілеу туралы

Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 9-бабы 7) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 26 мамырдағы № 412 «Ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды, пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларын бекіту туралы» бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №13898 болып тіркелген) бекітілген, пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданының әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота осы қаулының қосымшасына сәйкес белгіленсін.

2. Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданы әкімдігінің «Пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы» 2020жылғы 26 ақпандағы №36 қаулысының күші жойылды деп танылсын (2020жылғы 02 наурызда Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған, нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №6053 болып тіркелген).

3. «Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте:

1) осы қаулының Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелуін;

2) осы қаулы мемлекеттік тіркелген күннен бастап он күнтізбелік күн ішінде оның мемлекеттік және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорынның Солтүстік Қазақстан облысы филиалына Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялау және енгізу үшін жіберілсін;

3) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін Ақжар ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

4. Осы қаулының орындалуын бақылау Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қосымша (ZIP 29 Kb)

Ақжар ауданының әкімі Қ. Қалиев

Ақжар ауданы әкімдігінің
қаулысы

Бас бостандығынан айыру орындарынан
босатылған адамдарды 
жұмысқа орналастыру үшін
жұмыс орындарына квота белгілеу туралы

Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 9-бабы 7) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 26 мамырдағы № 412 «Ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды, пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларын бекіту туралы» бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №13898 болып тіркелген) бекітілген, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданының әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота осы қаулының қосымшасына сәйкес белгіленсін.

2. «Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте:

1) осы қаулының Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелуін;

2) осы қаулы мемлекеттік тіркелген күннен бастап он күнтізбелік күн ішінде оның мемлекеттік және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорынның Солтүстік Қазақстан облысы филиалына Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялау және енгізу үшін жіберілсін;

3) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін Ақжар ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

4. Осы қаулының орындалуын бақылау Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қосымша (ZIP 30 Kb)

Ақжар ауданының әкімі Қ. Қалиев

Ақжар ауданы әкімдігінің
қаулысы

Мүгедектерге арналған жұмыс 
орындарына квота белгілеу туралы

«Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасы 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 9-бабы 6) тармақшасына, «Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» Қазақстан Республикасы 2005 жылғы 13 сәуірдегі Заңының 31-бабы 1) тармақшасына, «Мүгедектер үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 13 маусымдағы №498 бұйрығымен бекітілген Мүгедектер үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларына сәйкес (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №14010 болып тіркелген), Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Ауыр жұмыстарды, еңбек жағдайлары зиянды, қауіпті жұмыс орындарын есептемегенде, жұмыс орындары санынан мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота осы қаулының қосымшасына сәйкес белгіленсін.

2. Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданы әкімдігінің «Мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы» 2020 жылғы 27 ақпандағы №35қаулысының күші жойылды деп танылсын (2020 жылғы 02наурызда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған, нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №6052 болып тіркелген).

3. «Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

1) «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Солтүстік Қазақстан облысы әділет Департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесінде осы қаулының мемлекеттік тіркелуін;

2) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін «Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

4. Осы қаулының орындалуын бақылау Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынанкейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қосымша (ZIP 30 Kb)

Ақжар ауданының әкімі Қ. Қалиев

«Солтүстiк Қазақстан облысы Ақжар ауданында әлеуметтiк көмек көрсетудiң, оның мөлшерлерiн белгiлеудiң және мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарының тiзбесiн айқындаудың қағидасы» жобасына пресс релиз (ZIP 144 Kb)

Жоба

Ақжар ауданы әкiмдiгiнiң
қаулысы

Пробация қызметiнiң есебiнде тұрған
адамдарды жұмысқа орналастыру үшiн
жұмыс орындарына квота белгiлеу туралы

Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуiрдегi «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 9-бабы 7) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтiк даму министрiнiң 2016 жылғы 26 мамырдағы № 412 «Ата-анасынан кәмелеттiк жасқа толғанға дейiн айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, бiлiм беру ұйымдарының түлектерi болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды, пробация қызметiнiң есебiнде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшiн жұмыс орындарын квоталау қағидаларын бекiту туралы» бұйрығымен (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде №13898 болып тiркелген) бекiтiлген, пробация қызметiнiң есебiнде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшiн жұмыс орындарын квоталау қағидаларына сәйкес, Солтүстiк Қазақстан облысы Ақжар ауданының әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

1. Пробация қызметiнiң есебiнде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшiн жұмыс орындарына квота осы қаулының қосымшасына сәйкес белгiленсiн.

2. «Солтүстiк Қазақстан облысы Ақжар ауданы әкiмдiгiнiң жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмi» коммуналдық мемлекеттiк мекемесiне Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгiленген тәртiпте:

  1. осы қаулының Солтүстiк Қазақстан облысының Әдiлет департаментiнде мемлекеттiк тiркелуiн;
  2. осы қаулы мемлекеттiк тiркелген күннен бастап он күнтiзбелiк күн iшiнде оның мемлекеттiк және орыс тiлдерiндегi қағаз және электрондық түрдегi көшiрмесiн Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгi «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргiзу құқығындағы республикалық мемлекеттiк кәсiпорынның Солтүстiк Қазақстан облысы филиалына Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық актiлерiнiң эталондық бақылау банкiнде ресми жариялау және енгiзу үшiн жiберiлсiн;
  3. осы қаулы ресми жарияланғаннан кейiн Ақжар ауданы әкiмдiгiнiң интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсiн.

3. Осы қаулының орындалуын бақылау Солтүстiк Қазақстан облысы Ақжар аудан әкiмiнiң жетекшiлiк ететiн орынбасарына жүктелсiн.

4.  Осы қаулы оның алғаш ресми жарияланған күнiнен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

Аудан әкiмi Е.Мадьяров

Қосымша (ZIP 15 Kb)

Жоба

Ақжар ауданы әкiмдiгiнiң
қаулысы

Мүгедектерге арналған жұмыс
орындарына квота белгiлеу туралы

«Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасы 2016 жылғы 6 сәуiрдегi Заңының 9-бабы 6) тармақшасына, «Қазақстан Республикасында мүгедектердi әлеуметтiк қорғау туралы» Қазақстан Республикасы 2005 жылғы 13 сәуiрдегi Заңының 31-бабы 1) тармақшасына, «Мүгедектер үшiн жұмыс орындарын квоталау қағидаларын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтiк даму министрiнiң 2016 жылғы 13 маусымдағы №498 бұйрығымен бекiтiлген Мүгедектер үшiн жұмыс орындарын квоталау қағидаларына сәйкес (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде №14010 болып тiркелген), Солтүстiк Қазақстан облысы Ақжар ауданының әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

1. Ауыр жұмыстарды, еңбек жағдайлары зиянды, қауiптi жұмыс орындарын есептемегенде, жұмыс орындары санынан мүгедектер үшiн жұмыс орындарының квота осы қаулының қосымшасына сәйкес белгiленсiн.   

2.   Солтүстiк Қазақстан облысы Ақжар ауданы әкiмдiгiнiң «Мүгедектер үшiн жұмыс орындарына квота белгiлеу туралы» 2018 жылғы 12 қаңтардағы №01 қаулысының күшi жойылды деп танылсын (2018 жылғы 31 қаңтарда Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық актiлерiнiң электрондық түрдегi эталондық бақылау банкiнде жарияланған, нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде №4560 болып тiркелген).   

3. «Солтүстiк Қазақстан облысы Ақжар ауданы әкiмдiгiнiң жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар  бөлiмi» коммуналдық мемлекеттiк мекемесi Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiпте:

  1. «Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң Солтүстiк Қазақстан облысы әдiлет Департаментi» республикалық мемлекеттiк мекемесiнде осы қаулының мемлекеттiк тiркелуiн;
  2. осы қаулы мемлекеттiк тiркелген күннен бастап он күнтiзбелiк күн iшiнде оның мемлекеттiк және орыс тiлдерiндегi қағаз және электрондық түрдегi көшiрмесiн Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгi «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргiзу құқығындағы республикалық мемлекеттiк кәсiпорынның Солтүстiк Қазақстан облысы филиалына Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық актiлерiнiң эталондық бақылау банкiнде ресми жариялау және енгiзу үшiн жiберiлсiн;
  3. осы қаулы ресми жарияланғаннан кейiн «Солтүстiк Қазақстан облысы Ақжар ауданы әкiмiнiң аппараты» коммуналдық мемлекеттiк мекемесiнiң интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсiн.

4. Осы қаулының орындалуын бақылау Солтүстiк Қазақстан облысы Ақжар ауданы әкiмiнiң жетекшiлiк ететiн орынбасарына жүктелсiн.         

5. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.    

Аудан әкiмi Е. Мадьяров

Қосымша (ZIP 16 Kb)

Жоба

Ақжар ауданы әкімдігінің қаулысы

Пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы

Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 9-бабы 7) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 26 мамырдағы № 412 «Ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды, пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларын бекіту туралы» бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №13898 болып тіркелген) бекітілген, пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданының әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота осы қаулының қосымшасына сәйкес белгіленсін.

2. «Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте: 

1) осы қаулының Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелуін;

2) осы қаулы мемлекеттік тіркелген күннен бастап он күнтізбелік күн ішінде оның мемлекеттік және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорынның Солтүстік Қазақстан облысы филиалына Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялау және енгізу үшін жіберілсін;

3) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін Ақжар ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

3. Осы қаулының орындалуын бақылау Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

4. Осы қаулы оның алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Аудан әкімі 
Е. Мадьяров

Мақалың шыққан күні: 22.11.2017 17:14

LANG_ARTICLE_DATE_UPDATE 11.04.2023 09:04

coronavirusАкорда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі «БЖЗҚ» АҚ Antikor Премьер egovОфициальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской областиӘділет