Ақжар ауданында мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу тәртібі және мөлшері

шешімге қосымша 

  1. Осы Ақжар ауданында мүгедектігі бар балалар қатарындағы мүмкіндігі шектеулі балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу тәртібі мен мөлшері Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2021 жылдың 25 наурызындағы № 84 «Әлеуметтік–еңбек саласында мемлекеттік қызметтерді көрсетудің кейбір мәселелері туралы» бұйрығымен бекітілген «Мүгедек балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 22394 болып тіркелген) мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларына (әрі қарай — шығындарды өтеу Қағидалары) сәйкес әзірленді.
  2. Мүгедектігі бар балалар қатарындағы мүмкіндігі шектеулі балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу (бұдан әрі — оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу) мүгедектігі бар балалар қатарындағы мүмкіндігі шектеулі балаларды үйде оқыту фактісін растайтын оқу орынының анықтамасы негізінде «Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесімен жүзеге асырылады.
  3. Үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу (толық мемлекеттің қамтамасыз етуіндегі мүгедектігі бар балалардан және оларға қатысты ата-аналары, ата-ана құқығынан айырылған мүгедектігі бар балалардан басқа) үйде оқытылатын мүмкіндігі шектеулі балалардың ата-анасының біреуіне немесе мүгедектігі бар балалардың өзге заңды өкілдеріне отбасының табысына қарамастан беріледі.
  4. Оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу психологиялық-медициналық-педагогикалық консультацияның қорытындысында белгіленген оқу жылы аяқталғанға дейін өтініш берген айдан бастап жүргізіледі.
  5. Шығындарды өтеуді тоқтатуға әкеп соққан жағдайлар бар болғанда (мүгедектігі бар баланың он сегіз жасқа толуы, мүгедектік мерзімінің аяқталуы, мүгедектігі бар баланың мемлекеттік мекемелерде оқып жатқан кезеңі, мүгедектігі бар баланың қайтыс болуы төлемдер тиісті жағдайлар туындағаннан кейінгі айдан бастап тоқтатылады.
  6. Мүгедектігі барбалалар қатарындағы кемтар балаларды және оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу үшін қажетті құжаттар тізбесі шығындарды өтеу қағидаларының 3-қосымшасына сәйкес ұсынылады,бұлреттежекебасынсәйкестендіруүшінқандастарменжекебасынкуәландыратынқұжаттыңорнынақандаскуәлігіұсынылады.
  7. Мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу мөлшері әр мүгедектігі бар балаға тоқсанына он бес айлық есептік көрсеткішке тең.
  8. Артық төленген сомалар ерікті түрде немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген өзге де тәртіппен қайтарылуға жатады.
  9. Оқытуға жұмсаған шығындарды өтеуден бас тарту негіздері шығындарды өтеу қағидаларының 3-қосымшасының тоғызыншы жолында көзделген. 
25.11.2022
Қараулар: 716
coronavirusАкорда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі «БЖЗҚ» АҚ Antikor Премьер egovОфициальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской областиӘділет