Ақпарат

Жыл сайын жастарды еңбекті құрметтеу рухында тәрбиелеу, еңбек дәстүрлерін сақтау және көбейту, Еңбек адамының қоғамдағы беделін арттыруға және өнімді еңбекті ынталандыру мақсатында «Еңбек жолы» республикалық конкурсы өтеді. «Еңбек жолы» конкурсын өткізудің мақсаты:

  1. Ұрпақтар сабақтастығын сақтау;
  2. Еңбек адамдары туралы оң қоғамдық пікір қалыптастыру және жаңа еңбек әулеттерін құру үшін кәсіпорындар мен ұйымдарда жағдайлар жасау;
  3. Қазақстандықтарда Қазақстан Республикасы экономикасының дамуына елеулі үлес қосқан отандастырының жетістіктері үшін мақтаныш сезімін тәрбиелеу болып табылады.

Биыл аталған конкурсқа біздің аудан атынан «Балдырған» бала бақшасының тәрбиешісі Темірғали Нәзік қатысып облыстық кезеңінде 3 орын жеңіп алды.

Еңбек күні атаулы мереке қарсаңында «Еңбек жолы» конкурсының лауреатын марапаттау үшін ауданымызға Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасының мемлекеттік инспекторлары Муханов Азат Ақанұлы мен Бейсембин Азат Насенұлы келіп арнайы марапаттады. Аудан әкімінің орынбасары Қамытбеков Сейітжан Бақытжанұлы және аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Ұлан Хоршатұлы «Еңбек жолы» сайысының жеңімпазын құттықтады.

29.09.2023
Қараулар: 191
coronavirusАкорда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі «БЖЗҚ» АҚ Antikor Премьер egovОфициальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской областиӘділет